Ата-аналардың көптеген өтініштері бойынша біз #Телешеберхана жобасының қазақ тілді тобын ашуды көздеп отырмыз.

Үш айлық курс өз бастамасын 10 қыркүйекте алады. 8 бен 12 жас аралығындағы балаларға арналған бағдарламаның авторы  Майра Төлепберген болады.

Processed with MOLDIV

Майра – Қазақстанға есімі танымал медиа-жұлдыз, журналист, радио және теле жүргізуші, ұстаз, өзіндік оқыту курстарының авторы, театр және дубляж актрисасы, елорданың қомақты іс-шараларының жүргізушісі. Майраның тәлімгерлігімен сіздердің балаларыңыз шешендік және актерлік өнердің қыр-сырына қанық болады, дауыстары мен дикцияларын ұштайды, көрерменге өздерін-өзі ұсына алуға және халық жүрегіне жол табуға үйренеді. Майра балаларға креативті тапсырмалар орындатып, міндетті түрде жас әртістің әзіл-оспақты түсіне білу қасиетін анықтайды әрі баланың ана тілін жаңа әдеби сөздермен байытады. Сіздің ұстазыңыз «мәнерлеп оқу» өнерін ұштауға көмектесіп, керек десеңіз, ән салып та бере алады, өйткені күн сайын өзінің шығармашылығын дамытып, өзін-өзі жетілдіріп отыратын сегіз қырлы, бір сырлы кісі осындай болу керек.

Processed with MOLDIV

Processed with MOLDIV

Майра Төлепберген – өз ісінің маманы. Сондықтан да, Майраның тобына қазірден бастап жазылыңыздар! Орын саны шектеулі.

Барлық өтінімдерді 87471261260, 87015509349 WhatsApp нөміріне жіберіңіздер. Қапы қалмаңыздар!!!

Оставьте комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет показан другим